21-маусымда 5 сағат 40 минутта Жезқазған кен байыту комбинаты күзет қызметінің бастығы Анатолий Карпенко өз пәтеріне кіреберіс есіктен қаңылтыр банкіге салынып, есікке магнитпен тоқтатып қойған қолдан жасалған жарылғыш затты тауып алды. Оқиға орнына келген арнаулы қызмет өкілдері жарылғыш затты асқан абайлықпен есіктен алды. Қораптан 150 грамм сары түсті ұнтақ, капсюль мен батарейкалар шыққан. ҰҚК департаментінен хабарлағанындай, зат сараптамаға жіберілді.
Кәсіпорынның күзет қызметі төрағасының есігіне жарылғыш зат орнатып кету себептері мен оған қатысы барларды тергеу анықтайды. 55 жастағы А.Карпенко Жезқазған кен байыту комбинаты күзет қызметінің бастығы қызметіне жуықта ғана тағайындалған. Бұған дейін ол полиция органдарында істеген көрінеді.