«30 шілде күні таңғы 5.40-та бензин ішіп ауруханаға түскен сәби қайтыс болды. Ауруханаға түскенде жағдайы тым ауыр еді. Қатты уланған, бас миы ісінген, осының бәрі өлімге алып келді», - деді Айжан Иса.
Айта кетейік, 28 шілде күні бір жасар бала Балқаш орталық ауруханасына жатқызылды. Ата-анасының айтуынша, пластик ыдыстан бензин ішіп қойған.
Баланың ата-анасына қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.