Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылды

Елді-мекенде 223 қанатты жаппай қырылған. Сараптама олардың «Ньюкасла» деп аталатын вирустан өлгенін көрсетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Індет қыркүйекте келген. Мамандардың айтуынша, вируспен тек тауық пен үндіктер ауырады. Аурудың адамға еш зияны жоқ.