ТЖМ ақпаратына сәйкес, 26 желтоқсанда 13 сағат 03 минутта Қарағанды облысының Топар кентінде сегіз пәтерлі тұрғын үй отқа оранып, толық жанып кетті. Өрт аумағы 315 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында шатыр мен этаждар арасындағы жабындар жартылай құлап, 2 газ баллоны жарылды.
Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 32 адамы мен 6 техникасының күшімен 15 сағат 22 минутта сөндірілді.
"Үйіндіні аршыған кезде 60 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Үйдің 15 тұрғыны жатақханада, 11 адам туыс-туғандарының үйлеріне орналастырылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.