Caravan Logo

Қарағанды облысында болған жол көлік апатынан екі адам қайтыс болып, үшеуі жарақаттанды

Қарағанды облысында болған жол көлік апатынан екі адам қайтыс болып, үшеуі жарақаттанды

Жол апаты бүгін түңгі сағат 3-те Алматы - Екетеринбург бағытындағы 669-шы шақырымында болған. Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бірден төрт көлік соғысқан: ішінде 15 адам бар "Мерседес" маркалы жолаушылар жүк автобусы, "КамАЗ" жүк көлігі, "Скания" және "Мерседес" жеңіл автокөліктері.

Апат салдарынан Астанадан Сарыағашқа бет алған автобустың үш жолаушысы әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. "Мерседес" көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға болған жерде мерт болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті