Қарағанды облысында брюцеллез деген диагнозбен 8 адам ауруханаға жатқызылды

Шет ауданы Ақжал ауылында санитарлық-эпидемилогиялық зерттеу жүргізген кезде төрт ересек адам мен төрт баладан бруцеллез белгілері табылды. Мамандардың болжауынша, ауру ет-сүт өнімдері арқылы жұққан болуы мүмкін.

Қазір жұқпалы дерт ошағында аудандық санитарлық және жұқпалы індеттерге қарсы күрес қызметі эпидемияға және эпизоотияға қарсы шараларды қолдануда.