"Бұрынғы полиция қызметкерлері өзара алдын ала келісіп, өз қызмет міндеттеріне кіретін істерді атқару үшін жергілікті тұрғыннан көлік аккумуляторын, ұялы телефон сияқты заттарды бопсалап, 130 мың теңге көлемінде ақша алған. Сол арқылы азаматтың құқығы мен заңды мүддесін бұзған", - деп хабарлады С. Живаева.
Оның сөздері бойынша, сот үкімі сотталғандардың берген арызы бойынша аппеляциялық мекемесінде қайта қаралып, сол күйінде өзгеріссіз қалдырылды.