"Былтыр Қарағанды облысында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі" заңның сақталуына жүргізілген тексеру барысында 786 заң бұзу оқиғасы анықталды", - деді А. Бажеев.
Оның айтуынша, 120 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексерулердің қорытындысы бойынша үш қылмыстық іс қозғалып, жеті қылмыстық іс сотқа жіберілген, соған сәйкес үш адам сотталды.