Қарағанды облысында дауыл кесірінен жол апаты болып, 1 адам қаза тапты


Дауыл Теміртаудан шыға берістегі мына қиылыстың шаң мен жол жиегіндегі полигон қалдықтарын көтеріп, трассаны басып қалыпты. Осының кесірінен екі жақтан келе жатқан машиналар бірін бірі байқамай соқтығыса берген. Салдарынан бір жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмса, 7 адам ауруханаға жеткізілді. Аударылған көліктердің біріне тиелген астық тас жолға шашылған. Жолды тазарту түн ортасына дейін созылғандықтан жол қозғалысы айдарлықтай қиындады.