Қарағанды облысында экскаватормен соқтығысу салдарынан "Фольксваген" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, 14 ақпанда Қарағанды облысында Жезқазғанда 11 сағат 57 минутта "Фольксваген" автокөлігі экскаватормен соқтығысты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты салдарынан "Фольксваген" жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Үшінші жолаушы ауруханаға жатқызылды.