Мәселен, Сәтпаев қаласында "Қазақмыс" корпорациясының №10 учаскесіндегі 55-ші шахтада 19 сағат 35 минутта "Т-16" тракторының 28 жастағы жүргізушісі өндіріске кетіп бара жатып, тракторын аударып алды. Соның салдарынан 21 жастағы тау-кен мастері оқиға орнында мерт болып, трактордың жүргізушісі мен 24 жастағы дәнекерлеуші-монтаждаушы ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, Сарань қаласындағы Саранская шахтасында "Шығыс" деп аталатын К-12 монтаждау камерасында 19 сағат 10 минутта сүйретпе қондырғының канаты үзіліп кету салдарынан 31 жастағы монтаждаушы оқиға орнында қаза тапты.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті