Қарағанды облысында екі адам өндірістік жарақат алды

ТЖМ мәліметтері бойынша Қарағанды қаласында 5 сәуірде 13.00 сағатта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ иелігіндегі Күзембаев атындағы шахтасында желілерді құрастыру жұмыстары кезінде бір слесарь жарақаттанып ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, сонымен қатар Сәтпаев қаласында 5 сәуірде 12 сағат 30 минутта "Қазақмыс" корпорациясының (Шығыс Жезқазған кен орнының) № 57 шахтасында Т-16 тракторының қозғалтқышы қозғалыс кезінде кенеттен тоқтап, трактор ылдиға қарай жылжып кетті. Соның салдарынан оператор -геодезист жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.