«9 сәуірде Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылында бес және алты жастағы екі бала хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен. Аудан полициясына балалардың жоғалғаны туралы факті ата-аналарының өтініштерімен тіркелді. Оларды іздестіру шаралары қабылданды. 10 сәуірде алты жасар ер баланың мүрдесі табылды, денесінде күштеп өлтіру белгілері болған жоқ. Екінші баланың денесі 12 сәуірде табылды», - делінген хабарламада.
Жазатайым оқиғаның су тасқына байланысы жоқ екендігі атап өтіледі.
«Сот алды тексеру барысында екі бала өзен маңында ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды», - деп түсіндірді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.