"Құқық қорғау практикасын талдау, қылмыстық тергеу органдары есірткінің заңсыз айналымымен күресуді жүзеге асыру барысында бірқатар проблемаларға тап келіп отырғандығын көрсетіп отыр",- деді Қ. Ахметов.
Оның айтуынша, ішкі істер органдары Ұлытау ауданының аумағынан жыл сайын көршілес Қызылорда облысының тұрғындары өсіретін заңсыз есірткі егу алаңын табады. Мысалы, 2005 жылы полицейлер әрқайсысы 2 гектарды құрайтын екі алаң тапқан, ал 2006 жылы көлемі 6 га бір алаң табылған.
"Есірткі бизнесіне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің араласуы ерекше алаңдаушылық танытуда. Үстіміздегі жылы 10 полицей әртүрлі заң бұзушылықтар жасағаны үшін лауазымдарын босатылып, 6 қызметкер жұмыстан шығарылған. Ал бес қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалған",- деді Қ. Ахметов.
Қылмыстық жауапқа тартылып жатқан адамдар санының айтарлықтай көп болғандығына қарамастан, атап айтқанда ал олардың саны үстіміздегі жылдың 9 айында 722 адамды құраған, есірткіге қатысты ахуал оңға баспай тұр. Бүгінде "нашақор" диагнозымен 5043 адам есепке алынған, олардың 701 әйел және 96 жасөспірім, деп атап өтті облыстың прокуратура басқармасының аға прокуроры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті