Қарағанды облысында газ жеткізу компаниясының ғимаратында газ баллоны жарылды

Бұл туралы Теміртау қалалық ТЖБ-дан хабарлады.

«Теміртау маңындағы Жаңаауыл елді мекенінде «ТемірГаз» газ жеткізу компаниясының ғимаратында газ баллоны жарылды. Апаттан зардап шеккен 4 адам Теміртау ауруханасына жеткізілді».

Жарылыстың салдарлары жойылуда. Себеп пен келтірілген шығын анықталу үстінде.