Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Людмила Аликованың айтуынша, 7-қыркүйек, сейсенбіде Абай қаласында гепатит дертіне шалдықққан 8 бала тіркелсе, сәрсенбіде тағы екі бала ауырды. Балалар індетті жазғы демалыс кезінде жұқтырған, бірақ вирус енді ғана көрініс беріп отыр, дейді мамандар.
Қазір Абай қаласында эпидемияға қарсы төтенше комиссия жұмыс істеуде, арнаулы штаб құрылды. Санитарлық дәрігерлер мен балалар дәрігерлері ауыл-үйлерді аралауда. Аурудың таралуына жол бермеу үшін бүгін және ертең Абай қаласындағы барлық мектептерде гепатит дертінің алдын алу жөнінде ата-аналар жиналысы өтеді.
Қазіргі жағдаймен Қарағанды облысында мектеп оқушылары арасында гепатиттің "А" түрімен ауырған 40 бала тіркелген. Олардың жартысыанн көбі 14 жасқа дейінгі балалар.