Қарағанды облысында иесі мен иті қосақталып жүгіруден жарыс өтті

Шараға жиналғандардың жетегіндегілердің дені неміс овчаркасы мен хаски тұқымдас иттер. Арасында  терьерлер де бар. Тіпті мына біреуі иесін сүйрей алар қауқары болмаса да қолтыққа қысылып жеткен бұл жерге. Ит иесін жетектеп жүгіретін жарыста, иелері иттерін сүйреткен сәттері де жиі болды. 

Любовь Сверикова, жарысты ұйымдастырушы:

-Бұл итті велосипедке тіркеуге арналған арнайы құрылғының жоқтығынан. Сондықтан олар бар күшімен тарта алмай кейбіреуі қатарласып жүгіріп отырды. Бірақ ең бастысы осындай шараны ұйымдастыра алуымыз болып отыр. БІз үшін осының өзі үлкен қадам.

Мынау арпа ішіндегі бір бидайдай болған «Басар» есімді қазақи құмай тазы. Кеше ғана бір түлкі мен екі қоянды алған ол күніне 50-60 шақырым жерді артқа тастауға әбден машықтанған. Сондықтан өзгелерше ентігіп тұрған жоқ.  

Рамазан Үсеев, жарысқа қатысушы:

-Бес тазым бар үшеуі ұрғашы, екеуі арлан. Астанаға бардық былтыр Өскеменде болдық. Алматыға бірнеше рет бардық. Азия финтерге қатыстық. Соның барлығында жүлделі орындар алдық.


-Бір өкінішіштісі Қазақтың құмай тазысы Халықаралық байқауларда қазақтың тегі анықталмаған  иті деп қана қабылданады екен. Ал ереже бойынша осылардың 1 мың шақтысына ресми төлқұжат берілгенде ғана бұлар қазақтың тазысы деп аталады. Бірақ әзірге мұны құнттап жатқан ешкім жоқ. Сондықтан жаны ашитын азаматтар құмай тазыны да қазақтың қымызы мен көкпары сиақты өзге біреулер патенттеп кете ме деп қорқады
.

Қалған итті иесі сүйресе, құмай тазы велосипедке жайғасқан қожайныны бұйым құрлы көрмей жұлқа тартты. Ақыры байқаудағы ит біткеннің алдын орап, бас жүлдені иемденді. Жалпы Шахтинск қаласында қысты күні иттті шанаға жегіп жарысқан. Ал жаздағысы осыдан бастау алып дәстүрге айналса деген тілек бар ұйымдастырушыларда.