Тіркелген жағдайлардың барлығы скрининг және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр, - делінген хабарламада.
Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.
2020 жылдың 21 мамырындағы ахуал бойынша облыста 430 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 3 өлім жағдайы және 170 пациент жазылып шықты.