Қарағанды облысында "Испат-Кармет" кәсіпорны шахталарының бірінде 49 жастағы еркек мерт болды

Агенттік ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға қоректендіргіш опырылып түсуге байланысты бункерді тазалау барысында болды. Р.Шамшутдинов есімді адам бункерден төгілген қойыртпақтың астында қалған. Ол жер бетіне шығарып алған кезде көз жұмды. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары басталды.