Қарағанды облысында кәсіби борышын өтеп жүріп қаза тапқан тәртіп сақшысына ескерткіш орнатылды

Топар аудандық қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, 32 жастағы Алданыш Тайғожин осыдан бір жыл бұрын Топарда кісі қолынан қаза тапқан болатын. Қылмыскерлер қаза тапқан капитанның мәйітін өртеп жіберген еді. Қылмыс дереу ізі суымай ашылды. Тергеу барысында белгілі болғанындай, А. Тайғожин өзі жалғыз үш бірдей қылмыскермен айқасқан көрінеді. Қаныпезерлер түгелдей ұсталып, жазаланды.

А.Тайғожин облыстағы кәсіби офицерлердің бірі болатын. Бүгін оның жолдас-жоралары мен әріптестері Топар аудандық ІІБ-ның аумағында офицердің тастан қашалған ескерткішін тұрғызды.
2003-жылы Қазақстанда қызмет бабындағы борышын өтеу барысында 79 тәртіп сақшысы қаза тапқан.