"26-қаңтарда жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен Қарағанды облысының кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы, кеден қызметінің капитаны құрықталды. Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кедендік бақылау департаментінің қызметкерінен 700 АҚШ доллары көлемінде пара алған",- деп хабарлады кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132-бабына сәйкес ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы құрықталып, Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалған.