Қарағанды облысында кеніште болған апаттан бір жұмысшы үйіндінің астында қалды

37 жастағы жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Осыған байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сол күні Алматы облысының Қаратал ауданында 2 қабатты ескі тұрғын үйді өз бетімен құлату барысында екі ер адам құлаған қабырғаның астында қалды. Апат салдарынан 23 жастағы еркек оқиға орнында мерт болып, 44 жастағы тағы бір еркек ауруханаға түсті.