Осы мерзімде есірткіге қатысты барлығы 224 құқық бұзушылық оқиғасы тіркелді. Есірткі сақтау оқиғасы бойынша 97, сатуға байланысты 52 , жалпы алғанда 153 қылмыстық іс қозғалды. Есірткі тұтынушыларға арнап жынойнақ ашу дерегі бойынша бір қылмыстық іс қозғалды. Есірткі тектес өсімдіктер өсіру жөніндегі 4 факт әшкереленді.
15-мамырда басталған "Көкнәр" операциясы қазір одан әрі жалғасуда. 24-маусым, сейсенбіде күндізгі сағат екіде есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесін құрықтады. Тұтқыннан героиннің бес дозасы алынды. Қазір ол уақытша тергеу қапасында қамауда отыр.