Бүгін Ленин атындағы, Күзембаев атындағы , сондай-ақ, "Тентек", "Қазақстан" және "Шахтинск" шахтасының ереуілшілеріне "Абай" шахтасының кеншілері де қосылды. Сөйтіп, қазіргі жағдаймен "Миттал Стил теміртау" АҚ көмір департаментінің барлық 8 шахтасында көмір өндіру тоқтатылды.
Ал Шахтинск қалалық әкімшілігінде шиеленісті шешуді көздейтін комиссияның отырысы одан әрі жалғасуда. Кеншілер мен олардың отбасы мүшелері әкімшілік ғимаратының алдындағы алаңға өздері қойған талаптарға жауап алу үмітімен келіп жатыр. Ғимарат алдында жиналғандардың саны 500-800 аралығынжа.
Қарағандылық кеншілер "Миттал Стил Теміртау" АҚ-да жұмыс істейтін металлургтардың митингісіне бірікпекші. Митинг Теміртаудағы зауыт алдындағы алаңда сенбіге межеленген. "Миттал Стил Теміртау" АҚ-на қарасты металлургиялық зауытта жұмыс істейтін металлургтар жалақыны 40 процентке көтеру жөніндегі талаппен митингіге шықпақшы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті