Қарағанды облысында көмір тиеген вагондарды босату барысында екі жұмысшы мерт болды

Вагондарды көмірден босату ПК-5 үлгілі кранының көмегімен жүзеге асырылып жатқан. Жұмыс барысында 55 жастағы учаске бастығы мен 42 жастағы машинист көмір тиелген вагонның астында қалды. Олардың екеуі де оқиға орнында жан тәслім етті.

Аталмыш дерек бойынша арнайы тексеру жүргізілуде.