Қарағанды облысында көмір тиелген тепловоздың бес вагоны шойын жолдан шығып кетті

ТЖМ мәліметінше, 14 ақпанда Қызылжар ауылында Шұбаркөл кен орнының темір жол өткелінде 20 сағат 30 минутта №0526 тепловоздың (көмір тиелген 74 вагон) бес вагоны шойын жолдан шығып кетті. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін таңертеңгі сағат 7 -дегі жағдаймен "4 вагон шойын жолға қойылды. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға қалпына келтіруші 1 поезд пен 22 адам жұмылдырылды".