Қарағанды облысында Бұқар жырау аудандық ІІБ Көші-қон полициясы қызметкеріне пара алды деп айыпталып отыр.
Облыстық қаржы полициясына аталған ауданда тұратын Украина азаматшасы шағымданған.
«Арызда Украина азаматшасы көші-қон полициясы қызметкерінің анасы екеуіне ыхтиярхат беру үшін 60 мың теңге талап еткенін жазыпты», - дейді қаржы полициясындағылар.
Полицияның тапсырмасы бойынша, әйел ақшаны екі бөліп берген. Тамыздың тоғызында полицей жұмыс кабинетінде пара алу үстінде қолға түсті.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаып, күдікті тергеу изоляторына тоғытылды. Тергеу жүріп жатыр.