Қарағанды облысында күн күрт суытады деген ескерту жарияланды

Күн райын болжаушылардың хабарлауынша, бүгін Қарағанды облысында сынап бағанасы түнде 23-28 градус аязды көрсетсе, өңірдің оңтүстігінде сынап бағанасы 15 градус суыққа дейін төмендейді. Сонымен бірге жекелеген аудандарда оңтүстік-батыстан жоғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Осыған байланысты аталмыш облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшылығына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.

Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті