Қарағанды облысында маневрлік тепловоздардың соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты

Апат сәрсенбі күні таңертең "Шұбаркөл көмір" АҚ-ның темір жол өткелегінде болған. Апат салдарынан бір тепловоздың 53 жастағы жүргізушісі мен оның 43 жастағы көмекшісі оқиға орнында қаза тапты.

"Отарбалардың қозғалысына кедергі келген жоқ", деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті