Қарағанды облысында марганец өндіру кезінде мамонттың азу тісі табылды

«Палеонтологиялық жәдігер Жаңаарқа ауданында марганец өндіру кезінде 6 метр тереңдіктен табылды. Тістің ұзындығы  екі метрден асады, диаметрі  - 50  см», - деді тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Варфоломеев.

Ол шамамен 3 миллионнан 15-20 мың жылға дейінгі аралықты қамтиды деп болжануда.


Археологтар бұл жерде қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.  Ғалымдар ежелгі адамдардың қонысы болуы да мүмкін деп санайды.