Қарағанды облысында мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы тағайындалды


«ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, этика жөніндегі кеңестің төрағасы болып Ж. Сәрсенов тағайындалды», - делінген хабарламада.

Оның орынбасарлары болып Берік Ахметов пен Талант Медет тағайындалды.

Ж. Сәрсенов 36 жаста. Оның екі жоғары білімі бар. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «заңгер-халықаралық қызметкер» мамандығы бойынша, Лондон экономика және саяси ғылым мектебін «мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратында жауапты лауазымдарда қызмет етті. 2014 жылғы қараша мен 2016 жылғы қаңтар аралығы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі департаменті басшысының орынбасары - Қарағанды облысы Тәртіптің кеңесінің төрағасы болды.