Caravan Logo

Қарағанды облысында «Мерседес» мінген полицей жүк көлігімен соқтығысты

Қарағанды облысында «Мерседес» мінген полицей жүк көлігімен соқтығысты

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық жедел жәрдем станциясының диспетчерлік бөлімі мәлімдегендей, жол апаты дүйсенбі күні Екатеринбург - Алматы жолында болған. Полиция майоры жүргізген «Мерседес» көлігі жол шетінде тұрған «Вольво» жүк көлігіне соғылған.

38 жастағы полиция майоры және үш жолаушы ауруханаға түскен. Жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендер арасында Қырғызстан азаматы бар.