Қарағанды облысында мүгедектерді әлеуметтік қолдауға арналған қаражат 2,5 есе ұлғайтылды

Оның айтуынша, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне міндетті гигиеналық құралдарды алуға, жеке бас көмекшілерінің қызметіне, ыммен сөйлесетін мамандарға биыл 189,8 млн теңге бөлінген. Ол былтырғымен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Ж. Әбішев атап көрсеткендей, сонымен бірге, биыл мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында мүгедектер арбасын алуға бөлінген қаражат айтарлықтай өскен (7 млн-нан 28 млн-ға). Дауажайлар мен шипажайларға жолдамаларға бөлінетін қаражат 3 еседей өсірілген (15-тен 42 миллион теңгеге). Ал протез-ортопедиялық бұйымдарды алуға 2007 жылы - 33 млн теңге бөлінсе, биыл 45 млн теңге бөлініп отыр.

"Департамент 570 сандық есту аппараттарын, халықаралық талаптарға сай 486 мүгедектер арбасын, 51 сандық диктофон мен CD-дискілі 69 тифлмагнитола алуды жоспарлап отыр", - деп толықтырды Ж. Әбішев.

Ж. Әбішев сондай-ақ, Қарағандыға гуманитарлық көмек есебінде Иса шіркеуінің миссионерлерінен жаңа 500 мүгедектер арбасы келгенін хабарлады. Оның айтуынша, бұл жүк кеденде жеделдетілген рәсімдеуден өткен. Енді ол арбалар мүгедек болмағандығынан мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етіле алмайтын арнайы құралдарға мұқтаж қарт адамдар арасында бөліп берілетін болады.