Қарағанды облысында өндірістік жарақат салдарынан бір адам қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, 28 қаңтарда 14 сағат 20 минутта Балхаш қаласында "Балхашцветмет" өндірістік бірлестігінде мыс қорыту цехының жұмысшысы өндірістік жарақат салдарынан қаза тапты.

"Темір әзірлемені шығыранмен тасымалдау барысында трос үзіліп кету салдарынан бір жұмысшы жарақат алып оқиға орнында жан тапсырды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.