Қарағанды облысында өрт саны көбейді

Оның айтуынша, облыста жылдың бастапқы төрт айында өрт салдарынан 22 адам қаза тапты. Өрт салдарынан келген шығын көлемі жыл басынан бері 70 млн. теңгені құрады.

Өрттің 78 проценті жай үйлер секторының үлесіне тиеді. Сонымен бірге жыл басынан бері жалпы аумағы 7 гектарды шарпыған 10 орман өрті, бірнеше ондаған далалық өрт тіркелді.

О.Мащицкийдің айтуынша, өрт сөндірушілерді өртенетін қоқыстар көп әбігерге түсіруде. Мәселен, тек соңғы 20 күнде Қарағандыда өрт сөндірушілер қоқыс төгетін орындар мен аулаларда шыққан өртті сөндіруге 794 мәрте шақырылды. “Жағдай осылайша өрби берсе, бөлінген қаржы өрт сөндіру қызметін жылдың аяғына дейін ұстап тұруға жетпей қалуы ықтимал. Ондай атты күн туса шақыруға ешкім бара алмай қалады”, деп мәлімдеді басқарма бастығы.

Облыстың ауылдық аудандарында өртсөндіору – проблеманың үлкені, деді маман. Шаруа қожалықтарындағы өрт сөндіргіш машиналар істен шығып, бөлшектелген. Жанар-жағармай қоры жоқ. Мәселен, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында істен шыққан бір-бір көлік қана болса, Қарқаралы ауданындағы 22 ауылдық округтің екеуінде ғана өздеріне тиесілі өрт сөндіргіш машиналар бар.