Қарағанды облысында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, 2 сәуірде 14 сағат 15 минутта Қарағанды облысының Сарысу кентінде отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының ғимаратында өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі 18 сағат 23 минутта 2 арнаулы техника мен 10 адамның күшімен сөндірді.