Қарағанды облысында отын-энергетикалық компаниясының қойма бастығын атып кетті

"Кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу жүргізілуде", - деді ол.

Қайғылы оқиға Шет ауданында өткен түні орын алған. Полицейлер ізін суытпай күдіктіні қолға түсірді. Ол депо кезекшісі 37 жасар ер кісі болып шықты.

Болған оқиғаның мән-жайын полиция хабарламай отыр.

Кісі өліміне дау-жанжал себеп болғанға ұқсайды. Қойма бастығы мен депо кезекшісі жанжалдасып қалып, артынша күдікті машинасынан қаруын алып, қарсыласын жон арқадан атқан. Оқ тиген жәбірленуші 29 жасар ер кісі ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды.