Қарағанды облысында полиция көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Осакаровка кентіне қарай жол жүрген Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі Батпақ ауылының жанында «Басып озуға тыйым салынған» және жылдамдық режимін 50 шақырымға шектету белгісіне қарамастан ережелерді бұзып,  Skoda Rapid арнайы көлігімен соқтығысты», - деп хабарланады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот алдындағы тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды.


Полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді.