Қарағанды облысында полиция қызметкерлері төбелесіп жатқан жастарды тарату үшін қару қолданды

"Цементник" мәдениет үйінің жанында 20 шақты адамнан тұратын жастар тобы өзара төбелескен. Теміртау қаласының кезекшілік жасап жүрген патрульдік қызмет қызметкерлері заңға қайшы әрекеттердің алдын алмақшы болған. Алайда, төбелеске қатысушылар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбастан оларға шабуыл жасаған", - деп хабарлады И. Лепеха.

Оның айтуынша, қорғана жүріп полиция сержанты өзіне тіркелген табельді қарумен оқ атқан. Нәтижесінде 19 жастағы жігіт жараланып, Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Ол жерге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен полиция қызметкерлерінің бірі жеткізілді.

Жалпы алғанда алты полиция қызметкері табельді қарумен аспанға 25 оқ және зардап шеккен жігітке бір оқ атылған.

Теміртау қаласының прокуроры полиция қызметкерлерінің қару қолдануын заңға қайшы деп таппады. Төбелеске қатысқан 20 мен 26 жас аралығындағы 13 жігіт тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Олардың бірі медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылды.