Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, "шешім Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ақпараттары мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы № 509 бұйрығы негізінде қабылданып отыр".
"Қазгидромет" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының мәліметтеріне сүйенсек, Қарағанды облысының аумағында 25-желтоқсанда түнде ауа температурасы минус 22 - 27 градус, ал кейбір жерлерде 30 градусқа дейін төмендеген.