Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясының кенішінде жұмысшы мерт болды

Мекеме ақпаратына сәйкес, Сәтпаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Степной" кенішінде 6-ақпанда 23 сағат 15 минутта №67 шахтада №2 учаскенің 28 жастағы электрлі дәнекерлеушісі жөндеу жұмыстары кезінде 380 метр биіктіктен құлап кетті. Ол жарақаттан оқиға орнында қаза тапты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті