Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясының жарғыш кеншісі қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында корпорациясының "Жезқазганцветмет" өндірістік бірлестігінің "Жомарт" кен орнында болған. 30 қарашада сағат 08.30-да қазба жұмыстары кезінде тау жынысы құлау салдарынан 31 жастағы жарғыш кенші оқиға орнында қаза тапты.