Қарағанды облысында құлаған жасанды ұшақтың ұшқышы қылмыстық жауаптан босатылды

Айыпкерді қылмыстық жауапкершіліктен босатуға үш жолаушының ұшқышты кешіретіні туралы өтініші негіз болған. Бұл туралы  сот мәлімдеді.

Бұрын хабарланғандай, «Вильга» марка түрі бойынша жинақтап қолдан жасалған ұшақ 8 шілде күні Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданының Ростовка ауылынан үш км жерде ұшу кещінде жерге құлаған. Cоның салдарынан 53 жастағы ұшқыш пен 24, 22, 26 жастағы үш жолаушы зардап шекті.

Апат фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 1-бөлімі 295-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу анықтағандай, ұшқыш мемлекеттік азаматтық ұшақтар тізімінде тіркелмеген ұшуды жүзеге асыру арқылы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заң талаптары мен «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшулар жүргізу ережелерін» бұзған.

Ол әуе кемесін басқаруға ұшқыштың куәлігі, кәсіби дайындығы, жұмыс тәжірибесі, ұшақты басқару дағдысы жоқ.


Тергеу барысында ер адам өзін кінәлі деп санамады, алайда жинақталған дәлелдемелер қорытындысы бойынша жасағанын мойнына алды.