Қарағанды облысында құс фабрикасы салынады

Индустрияландыру картасына енген бұл жобаны жүзеге асыру барысы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұханбет Әбдібековтың төрағалығымен өткен инвестициялық қызмет жөніндегі облыстық комитет отырысында талқыланды.

«180 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жобаның құны 2 миллиард теңгеден асады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаға жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу үшін 590 миллион теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді» , - деп Өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Төлеген Игембаев отырыс барысында мәлімдеді.

Ет өндіруге бағытталған құс фабрикасын Бұқаржырау ауданының Доскей ауылында «Здоровые продукты» ЖШС пайдалануға береді.


Құс фабрикасының жобалық қуаттылығы жылына 5 мың тонна бройлер құсты құпайды, дейді Т.Игембаев.

Барлық қажетті технологиялық қондырғы мен металл конструкциялар лизингке сатып алынды. Құс фабрикасы 2015 жылы іске қосылмақ, 2016 жылы жобалық қуаттылыққа шығады.