Қарағанды облысында қызметтік жалған құжат жасағаны үшін Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің маманы сотталды

"Неке зайыбының хабарынсыз және келісімінсіз, "Неке және отбасы туралы" ҚР заңының 16-бабының талаптарын бұза отырып бұзылған", - деп түсіндірді Х. Айтбеков.

Х. Айтбеков атап көрсеткендей, өткен жылдың күзінде аталмыш оқиға бойынша Л. Тоқшымановаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол кейіннен ҚР ҚК 314 бабының 1 тармағына орайластырылған (қызметтік жалған құжат жасау).

Прокуратура хабарлағандай, Ақтоғай ауданының №2 аудандық соты Л. Тоқшыманованы ҚР ҚК 314 бабы 1 тармағында қарастырылған сыбайлас жемқорлық категориясына жататын қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты және 109 200 теңге көлеміндегі айыппұл төлеу түріндегі жаза белгіледі.