Қарағанды облысында Ресейдегі бір мешіттің имамы жол апатынан мерт болды

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облыстық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

Жол апаты 12-шілдеде Астана-Алматы тас жолының 517-ші шақырымында болған. ГАЗ-3110 автокөлігінің тізгінінде отырған діндар көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс ағынына шығып кеткен. Соның салдарынан көлік қарсы келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысып, имам оқиға орнында мерт болды.