Қарағанды облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында облыс прокуроры Серік Ақылбай жеңіске жетті

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, С.Ақылбай 200 сайлаушының дауысын жинады.

Өзге үміткерлерге келсек, "Отан" партиясының мүшесі Сапар Есжанов 6, осы партияның тағы бір мүшесі Рымбала Омарбекова 67, облыстық денешынықтыру және спорт департаменті директорының орынбасары Ерден Халилин 4 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Қарағанды облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 293 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 280 депутат қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 3 бюллетень жарамсыз деп танылды.