Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Caravan.kz меди порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Qarmet» баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 12 наурызда түнде компанияның Көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында болған.
«Монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқан. Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген», - делінген компания хабарламасында.
Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен. «Qarmet» АҚ өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.