Қарағанды облысында шахтадағы жарылыстың себептері айтылды

Кен орнындағы жарылыс таңғы 4 шамасында 140 метр тереңдікте болды. Соның саладарынан 24 жастағы кенші Азамат Бижанов көз жұмса, 45 жастағы Әліби Қабиев ауыр жарақаттарымен жансақтау бөліміне жеткізілген. Болжамдар бойынша, апат кен орнын кеңейтуге бағытталған қопару жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 4 ай бұрын осы Сәтбаевтағы Степной кен орнында дәл осындай жарылыс болып 3 кеншінің өмірі қиылған еді. Сол кезде жұмыстарына немқұрайдылық танытты деген лауазымды тұлғаларға қатысты қозғалған іс әлі созбалаңға салынып келеді.


Владимир Пфаргер Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

-Жарылғыш заттарды орнататын ұңғыманы толық қазбаған деген болжам бар. Өйткені жарылғыш зат нығыздалып орнатылса кеншілерге залал келмеуі керек еді. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Мұның адами фактор екені даусыз.