Арнаулы қызметтің қызметкерлері Алматы - Екатеринбург тасжолында "ГАЗель" көлігін тоқтатқан. "Көлікті қарау кезінде есіктің жақтауының астынан және орындықтың астынан жалпы салмағы 19 кг жуық героин салынған 13 дорба табылып, тәркіленген",- деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша (есірткі заттарын заңсыз сақтау, дайындау және сату) қылмыстық іс қозғады.
Ұсталған қамауға алынды, деп нақтылап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіндегілер.